Зарядтау
Lenovo өзінің өндірмеген немесе мақұлдамаған өнім жұмысы мен
қауіпсіздігі үшін жауапты емес. Тек расталған Lenovo айнымалы ток
адаптерлерін жəне батареяларын пайдаланыңыз. Адаптерді жабдыққа
жақын, қолжетімді жерге орнату керек.
Есту қабілетін зақымданудан сақтау
Lenovo телефонының құлаққап қосқышы бар. Құлаққап (гарнитура деп
те аталады) үшін əрқашан құлаққап қосқышын қолданыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Құлаққаптан шығатын шамадан тыс қысым есту
қабілетінің жоғалуына əкеп соқтыруы мүмкін. Егер эквалайзер
максималды өсу күйіне келтірілсе, құлаққапқа жоғары кернеу мен
дыбыстың қысымының деңгейі беріледі. Сондықтан, есту жүйесін
зақымданудан сақтау үшін, эквалайзерді тиісті деңгейде реттеңіз.
Егер құлаққаптың шығыс параметрлері EN 50332-2 спецификациясына
сəйкес болмаса, құлаққапты ұзақ уақыт бойы жоғары дыбыс деңгейінде
шамадан тыс пайдалану қауіпті болуы мүмкін.
Lenovo телефон гарнитурасының шығыс қосқышы EN 50332-2
стандартының 7 тармақшасына сай келеді. Бұл техникалық сипаттама
Lenovo телефонының ең үлкен кең диапазондағы шын RMS шығыс
кернеуін 150 мВ-қа дейін шектейді. Есту қабілетін жоғалтудан сақтау
үшін, құлаққаптардың 75 мВ кернеулі кеңжиекті сипаттамасы бар, EN
50332-2 (7-класс шектеулері) спецификациясына сəйкес екендігіне көз
жеткізіңіз. EN 50332-2 стандартына сəйкес келмейтін құлаққаптарды
қолдану олардың дыбыс қысымының жоғарғы деңгейіне байланысты
қауіпті болуы мүмкін.
Егер Lenovo телефоны құлаққаптармен жиынтық ретінде келсе,
Lenovo телефонымен құлаққаптың комбинациялары EN 50332-1
сипаттамасына сəйкестендірілген. Егер бөлек құлаққаптарды
қолдансаңыз, EN 50332-1 комбинацияларына сəйкестігін тексеріңіз
(6.5 тармақтың шектеу мəндері). EN 50332-1 құлаққаптарды қолдану
олардың дыбыс қысымының жоғарғы деңгейіне байланысты қауіпті
болуы мүмкін.
6