Ariston 3180760 Інструкція по встановленню, використанню, обслуговуванню - Сторінка 28

Переглянути онлайн або завантажити pdf Інструкція по встановленню, використанню, обслуговуванню для Водонагрівач Ariston 3180760. Ariston 3180760 36 сторінок.

Ariston 3180760 Інструкція по встановленню, використанню, обслуговуванню
KZ
Қабырғалар кірпіштен, төзімділігі төмен тесік блоктардан немесе кез келген көрсетілгеннен басқа
материалмен салынған жағдайда, бекіту жүйесінің төзімділігін алдын ала тексеру керек.
Қабырғаға бекіту ілмектері толығымен суға толтырылған бойлердің үштік салмағын ұстауға жеткілікті
болуы керек.
Құбыр желiсi арқылы жылу жоғалтуды азайту ушiн аспапты су белетiн торалтан минималды қашықықта
орналастыру керек.
Жергілікті нормалар жабдықты ваннаға орнатуға тыйым салуы мүмкін, сол себепті қолданбалы
нормаларға сәйкес минималды қашықтықты сақтаңыз.
Техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жеңілдетуге және электр бөліктеріне қатынас беруге қалпақша
айналасында кемінде 50 см бос кеңістік қалдырыңыз.
Гидравликалық қосылыс
Су жылытқыштың келте қбырларын eң жоғарғы жұмыс қысымы кезiнде 90°С-тан асатын температураға
есептелген құбырлар мен фитингтерге ғана жалғаңыз. Жоғары температураға есептелмеген
материалдарды пайдаланбаңыз.
Құралды қаттылық градусы 12°F төмен сумен немесе керісінше қаттылық градус жоғары (25°F үлкен)
сумен пайдалануға болмайды, тиісті түрді калибрленген және теңшелген тұщыландырушыны пайдалану
ұсынылады, бұл орайда қалдық қаттылық 15°F төмен түспеу керек.
Құралдың "T" тәріздес қосылысының көк түсті сақинамен белгіленген су кірісі түтігін бұраңыз. Қосылысқа
бір жағынан қыздыру бағанасын төгу кранын бұраңыз (B сур. 1), бұл бір құрал көмегімен басқарылады,
басқа жағынан артық қысымға қарсы құрылғымен басқарылады (A сур. 1).
Қауіпсіздік тобы EN 1487 Еуропалық стандартына сәйкес
Кейбір елдерде жергілікті заңнама талаптарына сәйкес арнайы гидравликалық құрылғыны қолдану талап
етілуі мүмкін; құрылғыны монтаждауға жауапты орнатушы қолданылатын сақтандырғыш құрылғының
өлшемдерінің сәйкестігіне көз жеткізуі керек.
Қауіпсіздік құрылғысы мен бойлер арасында ешбір ажырату құрылғысын (клапандар, крандар, т.б.)
пайдалануға тыйым салынады.
Құрылғы шығысы визуалды бақылауға мүмкіндік беретін кемінде 20 мм қашықтықта орналасқан воронка
көмегімен агрегатқа қосылғаннан кем емес диаметрлі түтік желісіне қосылуы керек. Суық су түтігіне шланг
көмегімен қауіпсіздік тобының кірісін қосып, қажет болғанда шығыс кранды қосыңыз (D, 1-сурет). Сонымен
қатар, төгу кранын ашқан жағдайда шығысқа орнатылатын суға арналған төгу түтігін қамтамасыз ету
керек (C сур. 1).
Қауіпсіздік тобын бұраған кезде, оны тірелгенше тартпаңыз және конструкциясын өзгертпеңіз.
Егер желінің қысым мәні клапанды калибрлеу мәніне жақын болса, редукциялық қысым клапанын
пайдалану керек. Бұл клапанды орнату құралдан барынша алыс орындалуы керек. Егер араластыру
тораптары (крандар және душ) орнатылса, түтік желісін зақым келтіруі мүмкін ластағыштардан тазалау
керек.
"Еркін төгілетін" суқыздырғыш
Осы монтаж түрітүрі үшін қарастырылған клапан тораптарын пайдаланып, 2-суретте көрсетілген монтаж
схемасын орындау қажет. Бұндай жағдайда суқыздырғыш желіде және ауаны бұру функциясын атқаратын
шығыс түтікте кез келген қысымда жұмыс істеуі мүмкін; мұнда крандарды орнату талап етілмейді.
Электрлік қосу
Монтаждау алдында электр жабдығын толығымен қолданбалы қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін,
су жылытқыштың максималды тұтынатын қуаты сәйкестігін (номинал деректер), электр қосылыстар
кабельдерінің қимасы мен қолданбалы стандарттарға сәйкестігін тексеру керек.
Агрегат өндірушісі тұйықтаудың болмауына немесе электр қуаты жүйесіндегі ақаулықтарға байланысты
ақауларға жауапты болмайды.
Электрмен қоректендiру кезiнiң параметрлерiнiң аспаптың техникалық сипаттамаларына сайкес келетiнiне
кез жеткiзiңiз.
Уштармақарды, ұзартқыштарды жене ауыстырғыштарды пайдалануға болмайды. Аспаптың жерге қосу
кабелiн су қбырларына жене газ құбырларына жалғамаңыз.
Егер су жылытқыш келешекте ауыстырылуы қажет электрмен қоректендiру кабелiмен бiрге жеткiзiлсе,
сайкес (H05VV-F 3х1 мм
, 0 8,5 мм) типтi кбальдi пайдаланыңыз. Қуат кабелін (түрі H05VV-F 3x1 мм
,
2
2
диаметрі 8,5 мм) құрылғының (F, 3-сурет) артқы тақтасында орналасқан саңылауға салып, термостат
клеммасына немесе клеммалық колодкаға жеткенше жылжыту керек (M, 6-сурет).
Агрегатты желіден өшіру үшін, қолданбалы жергілікті нормативтерге сәйкес екі полюсті қосқыш пайдалану
керек (контакт түйіспесі кемінде 3 мм әрі сақтандырғыштар пайдаланған жөн).
28