Indesit THP 641 W/IX/I Manuel d'utilisation - Page 19

Parcourez en ligne ou téléchargez le pdf Manuel d'utilisation pour {nom_de_la_catégorie} Indesit THP 641 W/IX/I. Indesit THP 641 W/IX/I 24 pages.
Également pour Indesit THP 641 W/IX/I : Manuel d'utilisation (24 pages), Manuel d'utilisation (9 pages)

Indesit THP 641 W/IX/I Manuel d'utilisation
Электр кабелін желіге қосу
Деректер кестесінде көрсетілген жүктемеге сәйкес стандартты
айырғышты орнатыңыз.
Құрылғы тікелей электр желісіне құрылғы мен электр желісі арасында
орнатылған 3 мм ашық кішкене байланыс бар бірнеше каналды
айырып-қосқыш арқылы қосылуы қажет. Айырып-қосқыш көрсетілген
жүктемеге лайықты және ағымдағы ток реттеуіне сәйкес болуы қажет
(жерге қосылған сым айырып-қосқыштан ажыратылмауы тиіс). Электр
кабелін температурасы 50°C-тан жоғары болатын жерден өтпейтіндей
етіп орналастыру қажет.
! Орнатушы дұрыс ток байланысын орнатқанына және оның қауіпсіздік
ережелеріне сәйкес екендігіне сенімді болуы қажет.
Бұйымды электр тоғына қосар алдында мыналарды тексеріп алыңыз:
• pозетка жерге тұйықталып, нормативтерге сәйкес жалғануы керек
• желі розеткасы бұйымның паспортына көрсетілген максималдық қуат
қабылдау күшіне есептелуі тиіс;
• желідегі тоқтың кернеуі мен жиілігі бұйымның электр мәліметтеріне
сәйкес болуы керек;
• желілік розетка бұйымның штепсельді вилкасына сәйкес келуі
керек. Кері жағдайда, розетканы немесе вилканы ауыстырыңыз; тоқ
ұзартқыштар мен көп көзді тоқ көздерін қолданбаңыздар.
! Бұйым желі шнуры мен желі розеткасы қолжетімді жерде тұратындай
болып орналасуы керек.
! Бұйымның желі шнуры майысуына немесе бүктеліп тұруына болмайды.
! Күн сайын желі шнурын тексеріп тұрыңыз және қажет болған жағдайда
оны тек уәкілетті техник мамандарға ғана ауыстыртыңыз (Техникалық
қызмет көрсетуді қара).
! Өндіруші жоғарыда аталған ережелер сақталмаған жағдайда барлық
жауапкершіліктен босатылады.
Газды жалғау
! Бұл операция білікті техник маманы тарапынан орындалуы тиіс.
Құрылғыны газ жеткізу жүйесіне немесе газ баллонына ағымдағы ұлттық
заңнамаларға сәйкес жалғау қажет. Жалғауды іске асырмас бұрын,
пеш пайдаланғыңыз келетін газ жеткізу жүйесімен сыйысымды екеніне
көз жеткізіңіз. Сыйысымды болмаса, "Газ түрлеріне сәйкестендіру"
параграфындағы нұсқауларды орындаңыз.
Баллоннан сұйық газды пайдаланғанда, ағымдағы ұлттық заңнамаларға
сәйкес келетін қысым реттегішін орнатыңыз.
! Газ беру қысымы 1-кестеде ("Оттық пен форсункалар сипаттары")
көрсетілген мәндерге сәйкес келетінін тексеріңіз. Бұл құрылғының қауіпсіз
жұмыс істеуін және ұзаққа төзуін қамтамасыз ете отырып, қуаттың тиімді
жұмсалуына мүмкіндік береді.
Назар аударыңыз!: Қоспас бұрын газ плитасының құбырынан
тасымалдағыш бітеуішін алыңыз.
• Плитаны газ құбырының
жүйесіне жалғау жергілікті
ережелерге сәйкес болатын
фитингілері бар қатты мыс
немесе болат құбырын немесе
жергілікті ережелерге сәйкес келетін үздіксіз беттік тат баспайтын
шлангіні пайдаланып орындалуы тиіс. Тығыздатқышты (B) иінді
https://tm.by
Интернет-магазин TM.by
қосылымға енгізіңіз. Шлангінің максималды ұзындығы - 2 м.
• ТЕК БЕЛЬГИЯ ҮШІН: Құрылғыдағы иінді қосылымды (A)
ұсынылғанымен алмастыру қажет (бар болса).
МАҢЫЗДЫ: тат баспайтын болат шлангі пайдаланылса, оны
фурнитураның кез келген жылжитын бөлігіне тимейтіндей орнату
қажет. Ол кедергілер жоқ аймақ арқылы жəне оның барлық
ұзындығы бойы тексеру мүмкін болатындай бағытталуы тиіс.
Газ көзіне жалғағаннан кейін көпіршікті судың көмегімен кемулерді
тексеріңіз. Конфоркаларды жағыңыз және оттың тұрақтылығын тексеру
үшін тұтқаларды максималды күйінен
Газ түрлеріне сəйкестендіру
! Бұл операция білікті техник маманы тарапынан орындалуы тиіс.
Плитаны әдепкі газ түрінен (плитаның астыңғы жағында орналасқан
техникалық деректер тақтасында немесе орамада көрсетілген) басқа
түрге сәйкестендіру үшін оттық форсункаларын төменде көрсетілгендей
ауыстыру қажет:
1. Плита торларын алып, оттықтарды тіректерінен сырғытып шығарыңыз.
2. Форсункаларды тиісті мөлшерін гайка кілтімен босатып, шығарып
алыңыз да, газдың басқа түріне арналған форсункалармен
алмастырыңыз ("Оттық пен форсункалардың сипаттары" 1-кестесін
қараңыз).
3. Жоғарыдағы рәсімді керісінше орындау арқылы бөлшектерді қайта
құрастырыңыз.
4. Бұл рәсім аяқталғаннан кейін, ескі техникалық деректер жапсырмасын
енді пайдаланылатын газ түрін көрсететін жапсырмамен
алмастырыңыз. Жапсырманы біздің кез келген Қызмет көрсету
орталығымыздан алуға болады.
• Оттықтардың бастапқы ауасын реттеу
Реттеуді қажет етпейді.
• Оттықтарды ең аз мәнге орнату
Минималды параметр тиісінше орнатылғанына көз жеткізу үшін тұтқаны
алыңыз және келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Тұтқаны шешіп алып, тұтқа шегесінің
ішінде немесе оның жанында орналасқан
реттеу бұрандасын жалын кіші бірақ тұрақты
болғанша реттеңіз:
• от биіктігін азайту үшін бұранданы
бекемдеңіз (-);
• от биіктігін арттыру үшін бұранданы
босатыңыз (+).
Реттеуді минималды газ параметрінің күйімен орындау қажет.
2. Жалынды қажетті төмен параметрге реттегеннен кейін, оттық жанып
тұрғанда тұтқа позициясын бірнеше мәрте ең төменгіден ең жоғарыға
және қарама-қарсы жылдам ауыстырып, жалын өшіп қалмайтынын
тексеріңіз.
3. Кейбір құрылғыларда қауіпсіз құралымен (терможұппен) жабдықталған.
Оттықтар әлсіз жалын параметріне орнатылғанда құрылғы жұмыс
істемесе, осы әлсіз жалын параметрін реттеу бұрандасының
көмегімен арттырыңыз.
4. Реттеу жасалғаннан кейін айналып өту клапандарындағы тығындарды
сургучпен немесе оған ұқсас затпен қайтадан жабу қажет.
! Құрылғы сұйық газға жалғанған болса, реттеу бұрандасы мүмкін
болғанша мықты бекітілуі керек.
минималды күйіне орнатыңыз.
19
KZ