Indesit KN3N117S/RU Panduan Petunjuk Pengoperasian - Halaman 39
Jelajahi secara online atau unduh pdf Panduan Petunjuk Pengoperasian untuk Kompor Indesit KN3N117S/RU. Indesit KN3N117S/RU 44 halaman.
Пісіру бойынша пайдалы кеңес
Пеште тағам пісірген кезде бір уақытта тек бір
табаны немесе тартпаны пайдаланыңыз. Тағам
жоғарыдан қаншалықты қызу қажет ететініне
байланысты жоғарғы немесе төменгі тартпа
биіктіктерінен таңдаңыз.
Алдын ала қыздыру
Пешті алдын ала қыздыру қажет болса (әдетте
бұл ашытылған тағамдарды пісірген кезде қажет),
қажетті температураға мүмкін болғанша жылдам
жету мақсатында «конвекция режимін» қолдану
абзал. Алдын ала қыздыру аяқталған кезде, ол «Е»
жасыл шамының сөнуінен білінеді, қажетті пісіру
режимін таңдаңыз.
Балық пен ет пісіру
Ақжем ет, құс және балық пісірген кезде 180 °C -
200 °C аралығындағы температура параметрлерін
қолданыңыз.
Сыртын жақсылап пісіру, ал ішін жұмсақ әрі
шырынды қалдыру қажет қызыл ет үшін басында
аз уақытқа жоғары температура параметрін
(200°C-220°C) қолданып, одан кейін пештің азайтқан
жөн.
Негізінде, ет қаншалықты үлкен болса, температура
параметрі соншалықты төмен болуы керек. Етті
тордың ортасына қойып, тамған майды жинау үшін
астына тұтқалы таба қойыңыз.
Торды пештің ортасында болатындай қылып
орналастырыңыз. Төменнен келетін қызудың
мөлшерін арттырғыңыз келсе, төменгі тартпа
биіктіктерін пайдаланыңыз. Хош иісті қуырылған ет
жасау үшін (әсіресе, үйрек пен жабайы құс еті), еттің
үстіне шошқа тоң майын немесе бекон қойыңыз.
Торт пісіру
Торт пісірген кезде пешті әрдайым алдын ала
қыздырып алыңыз, бәліш түсіп кетпеуі үшін пісіру
кезінде пеш есігін ашпаңыз.
Грильді пайдалану
«Гриль» режимін пайдаланыңыз, тағамды
грильдің (төменнен санағанда 3- және 4-тартпада
орналасқан) ортасының астына қойыңыз, себебі
жоғарғы қыздыру элементінің тек ортаңғы бөлігі
қосылады.
Төменгі тартпаны (төменнен санағанда 1-тартпа)
пайдаланыңыз, соус пен майды жинау және оның
пештің түбіне тамуына жол бермеу үшін тұтқалы
таба қойыңыз.
Бұл режимді пайдаланған кезде, термостатты ең
жоғарғы параметріне қоюға болады. Дегенмен, бұл
жай ғана термостат тұтқасын қажетті температураға
реттеп, одан төмен температураларды қолдануға
болмайтынын білдірмейді,
Гриль-бармен
жабдықталған модельдерде,
«гриль» режимін пайдаланған кезде бірге берілетін
істіктер жинағын қолдануға болады. Мұндай
жағдайда, істіктер жинағын төменнен санағанда
үшінші тартпаға қойып және соус пен тамған майды
жинау үшін төменгі тартпаға тұтқалы табаны қойып,
пештің есігін жауып пісіріңіз.
! Грильді пайдаланған кезде әрдайым пеш есігін
жауып қойыңыз. Бұл жақсы нәтижеге қол жеткізуге
және қуат үнемдеуге (шамамен 10%) мүмкіндік
береді.
Сондықтан, гриль режимдерін пайдаланған кезде
торды төменгі тартпаларға (пісіру кестесін қараңыз)
қойып, одан кейін пештің түбіне тоң май мен
май тамуын және түтін түзілуін болдырмау үшін
төменнен санағанда 1-пеш тартпасына тұтқалы
табаны орналастырып жақсы нәтижеге қол жеткізуге
болады.
KZ
39