- ページ 26

電動工具 Bosch Professional GSR 1800 LiのPDF オリジナル取扱説明書をオンラインで閲覧またはダウンロードできます。Bosch Professional GSR 1800 Li 32 ページ。 Cordless drill/driver
Bosch Professional GSR 1800 Li にも: オリジナル取扱説明書 (31 ページ), オリジナル取扱説明書 (14 ページ), オリジナル取扱説明書 (36 ページ), 取扱説明書 (21 ページ)

Bosch Professional GSR 1800 Li オリジナル取扱説明書
OBJ_BUCH-2571-002.book Page 26 Monday, June 20, 2016 10:23 AM
26 | Қaзақша
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 4 ұяшыққа
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз. Зарядталған аккумуляторды 5 разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз.
Аккумуляторды шығарып алыңыз
Аккумуляторда 5 екі құлыптау басқышы бар, олар
аккумуляторды босату пернесі 6 кездейсоқ басылғанда
аккумуляторды шығып кетуден қорғайды. Аккумулятор
аккумуляторлық фонарда орнатылған болса, оны серіппе
жайында ұстап тұрады.
Аккумуляторды 5 шығару үшін ашу пернесін 6 басып,
аккумуляторды электр құралынан алға тартып
шығарыңыз. Тартқан кезде күш салмаңыз.
Айналу бағытын орнату (В суретін қараңыз)
 Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 4 тек
электр құралы тоқтағаннан соң пайдаланыңыз.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 4 көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ
қосқышты/өшіргішті 7 басқанда бұл мүмкін емес.
– Оң жаққа айналу бағыты: Бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын 4 солға тірелгенше басыңыз.
– Сол жаққа айналу бағыты: Бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын 4 оңға тірелгенше
басыңыз.
Қосу/өшіру
 Электр құралы автоматты ретте өшкеннен соң
қосқыш/өшіргішті басқа баспаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
– Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 7 басып
тұрыңыз.
– Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 7
жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті 7 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті 7 жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
артқанда айналымдар саны артады.
1 609 92A 349 | (20.6.16)
Айналдыру моментін орнату (C суретін қараңыз)
Айналдыру моментін орнату сақинасының 2 көмегімен 25
деңгей ішінен қажет айналдыру моментін таңдауға
болады. Реттелген бұрау моменті жетілгенде электр
құралы тоқтайды.
Берілістің механикалы таңдалуы
 Беріліс ауыстырып-қосқышынын 3 тоқтауда
немесе жұмыс істеп тұрған электр құралында
қозғалту мүмкін. Бірақ оны толық жүктелу немесе
максималды айналымдар санында қылу мүмкін
емес.
1-жылдамдық
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау диаметрлерімен
жұмыс істеу үшін.
2-жылдамдық
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау диаметрімен
бұрғылау үшін.
Пайдалану нұсқаулары
 Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
күйде салыңыз. Айналатын алмалы-салмалы аспаптар
түсіп кетуі мүмкін.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
 Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Батарея жұмыс істемей жатса, Bosch электр
құралдарының өкілетті сервистік орталығына барыңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
Bosch Power Tools