- ページ 34
オーブン Indesit MVK6 V27 RFのPDF 取扱説明書をオンラインで閲覧またはダウンロードできます。Indesit MVK6 V27 RF 36 ページ。 Cooker and oven
Сақтандырулар
мен кеңестер
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік
стандарттарына сай жасақталып, дайындалған.
Төмендегі ескертулер қауіпсіздік ережелерін ескерту
мақсатында берілген және оны мұқият оқып шығу
қажет.
Жалпы қауіпсіздік
• Шыны керамикалық плита температура
ауытқулары мен келең өзгерістерге төзімді.
Дегенмен, жүздер немесе ас үй құралдары
плитаның бетің зақымдауы мүмкін екенін ескеру
керек. Мұндай жағдай орын алса, пештің айырын
розеткадан ағытып, бастапқы бөлшектерге
тапсырыс беру үшін өкілетті техникалық көмек
көрсету орталығына хабарласыңыз. Жоғарыдағы
шарт орындалмаса, құрылғының қауіпсіздігі
бұзылуы мүмкін.
• Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны
коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда
қолдануға болмайды.
• Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау
қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр мен боранда
қалдыру аса қауіпті.
• Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл
қолмен, аяқпен түртпеңіз.
• Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға
сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау
мақсатында пайдалануы тиіс. Құрылғыны
басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені
жылыту үшін) дұрыс емес әрі қауіпті.
Құрылғыны тиісті, дұрыс және саналы түрде
пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез
келген зақымға өндіруші жауапты болмайды.
• Нұсқаулық кітапшасы 1-сынып (оқшауланған)
немесе 2-сынып - 1-ішкі сынып (2 шкаф арасына
орналастырылған) құрылғымен бірге беріледі.
• Балаларды пештен аулақ ұстаңыз.
• Басқа электр құрылғыларының кабельдері пештің
ыстық бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.
• Желдету және ыстықты салқындатуға арналған
ашық жерлерді ешқашан жаппау керек.
• Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе
оны алған кезде әрдайым пеш қолғаптарын
пайдаланыңыз.
• Құрылғыны қолданған кезде оны маңына жанғыш
сұйықтықтар (спирт, бензин және т.б.) қоймаңыз.
• Төменгі сақтау бөліміне немесе пештің өзіне
жанғыш заттар салмаңыз. Егер байқаусызда
құрылғы қосылса, бұл заттардың жануы мүмкін.
• Құрылғыны қолданбағанда тұтқалар
тұрғанын тексеріңіз.
• Құрылғыны өшіргенде айырғышты әрдайым
желі розеткасынан алыңыз, кабельден тартып
суырмаңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратпай ешқашан
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын
жасамаңыз.
• Егер құрылғы істен шыққан болса, оны ешбір
жағдайда өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз.
Тәжірибесіз адам тарапынан жасалған жөндеу
жұмыстарынан құрылғының істен шығуы немесе
жарамсыз болып қалуы мүмкін. Көмек көрсету
қызметіне хабарласыңыз.
• Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
• Құрылғыны физикалық, сезімталдық және
психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар
да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары
жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс.
Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек
немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе
нұсқаулары берілуі тиіс.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Қоқысқа тастау
• Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың
қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті
заңды қадағалаңыз.
• Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC
Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары
қалыпты толық қалалық қалдық айналымын
пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен
халық денсаулығына тиетін зиянның алдын ала
отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану
мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу
құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі
өнім иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты
міндетін еске салады.
Қолданылған құрылғыларды қоғамдық қоқыс
жинау қызметіне тапсыруға, айналадағы тиісті
жинау орындарына апаруға немесе, ағымдағы
ұлттық заңдар рұқсат берсе, жаңа ұқсас өнімге
ауыстыру үшін сатушыға ауыстыру ұсынысы
бойынша қайтаруға болады.
Үй құрылғыларының барлық негізгі өндірушілері
ескі және қолданыстан шыққан құрылғыларды
жинау және тастау жүйелерін жасауға және
ұйымдастыруға қатысады.
•
позициясында
KZ
34