- ページ 20

ホブ Indesit THP 642 IX/I RUのPDF 取扱説明書をオンラインで閲覧またはダウンロードできます。Indesit THP 642 IX/I RU 24 ページ。
Indesit THP 642 IX/I RU にも: 取扱説明書 (24 ページ)

Indesit THP 642 IX/I RU 取扱説明書
• Плита ендірілген пеш үстіне орнатылмаған жағдайда, оқшаулау үшін
KZ
ағаш тақтаны орнату қажет. Оны плитаның астыңғы жағынан кем
дегенде 20 мм ара қашықтықта орналастыру керек.
Желдету
Тиісті желдетудің орнатылғанын тексеру үшін шкафтың артқы қабырғасын
алып тастау қажет. Пешті екі ағаш тақтайға немесе кемінде 45 x 560 мм
ашық тұрған тегіс жерде орналастыру ұсынылады (сызбаны қараңыз).
! Пісіру панелі қоса орнатылатын салқындататын желдеткіші бар духовка
шкафының үстіне қойылады.
Токқа жалғау
Үш ұялы электр кабелі бар плиталар құрылғыда орналасқан негізгі деректер
кестесінде көрсетілген айнымалы ток кернеуімен және жиілікпен жұмыс
істеу үшін жасақталған (ол құрылғының төменгі жағында орналасқан).
Кабельдегі жерге тұйықтау сымы жасыл және сары қапқа оралған. Құрылғы
ендірілген электр пеш үстіне орнатылатын болса, қауіпсіздік себептеріне
сәйкес және пешті алу оңай болуы үшін плитаны және пешті токқа жалғау
бөлек жасалуы керек.
Электр кабелін желіге қосу
Деректер кестесінде көрсетілген жүктемеге сәйкес стандартты
айырғышты орнатыңыз.
Құрылғы тікелей электр желісіне құрылғы мен электр желісі арасында
орнатылған 3 мм ашық кішкене байланыс бар бірнеше каналды
айырып-қосқыш арқылы қосылуы қажет. Айырып-қосқыш көрсетілген
жүктемеге лайықты және ағымдағы ток реттеуіне сәйкес болуы қажет
(жерге қосылған сым айырып-қосқыштан ажыратылмауы тиіс). Электр
кабелін температурасы 50°C-тан жоғары болатын жерден өтпейтіндей
етіп орналастыру қажет.
! Орнатушы дұрыс ток байланысын орнатқанына және оның қауіпсіздік
ережелеріне сәйкес екендігіне сенімді болуы қажет.
Бұйымды электр тоғына қосар алдында мыналарды тексеріп алыңыз:
• pозетка жерге тұйықталып, нормативтерге сәйкес жалғануы керек
• желі розеткасы бұйымның паспортына көрсетілген максималдық қуат
қабылдау күшіне есептелуі тиіс;
• желідегі тоқтың кернеуі мен жиілігі бұйымның электр мәліметтеріне
сәйкес болуы керек;
• желілік розетка бұйымның штепсельді вилкасына сәйкес келуі
керек. Кері жағдайда, розетканы немесе вилканы ауыстырыңыз; тоқ
ұзартқыштар мен көп көзді тоқ көздерін қолданбаңыздар.
! Бұйым желі шнуры мен желі розеткасы қолжетімді жерде тұратындай
болып орналасуы керек.
! Бұйымның желі шнуры майысуына немесе бүктеліп тұруына болмайды.
! Күн сайын желі шнурын тексеріп тұрыңыз және қажет болған жағдайда
оны тек уәкілетті техник мамандарға ғана ауыстыртыңыз (Техникалық
қызмет көрсетуді қара).
20
! Өндіруші жоғарыда аталған ережелер сақталмаған жағдайда барлық
жауапкершіліктен босатылады.
Газды жалғау
Құрылғыны газ жеткізу жүйесіне немесе газ баллонына ағымдағы ұлттық
заңнамаларға сәйкес жалғау қажет. Жалғауды іске асырмас бұрын,
пеш пайдаланғыңыз келетін газ жеткізу жүйесімен сыйысымды екеніне
көз жеткізіңіз. Сыйысымды болмаса, "Газ түрлеріне сәйкестендіру"
параграфындағы нұсқауларды орындаңыз.
Баллоннан сұйық газды пайдаланғанда, ағымдағы ұлттық заңнамаларға
сәйкес келетін қысым реттегішін орнатыңыз.
! Газ беру қысымы 1-кестеде ("Оттық пен форсункалар сипаттары")
көрсетілген мәндерге сәйкес келетінін тексеріңіз. Бұл құрылғының қауіпсіз
жұмыс істеуін және ұзаққа төзуін қамтамасыз ете отырып, қуаттың тиімді
жұмсалуына мүмкіндік береді.
Назар аударыңыз!: Қоспас бұрын газ плитасының құбырынан
тасымалдағыш бітеуішін алыңыз.
Қатты түтік арқылы жалғау (мыс немесе болат)
! Газ жеткізу жүйесіне жалғауды кез келген құрылғыға еш жүк түспейтін
түрде іске асыру керек.
Құрылғының жабдықтары жинағында реттелмелі L-пішініндегі түтік фитингі
бар және оның газдың шығып кетуінің алдын алатын тығыны бар. Түтік
фитингін әр бұраған кезде тығынды орнына қою керек (тығын құрылғымен
бірге беріледі). Газ жеткізу жүйесінің түтік фитингі – 1/2 оймасы сыртта
орналасқан цилиндр түріндегі жалғау.
Майысқақ буынсыз тот баспайтын болаттан жасалған түтікті
оймасы бар жалғауға қосу
Газ жеткізу жүйесінің түтік фитингі – 1/2 оймасы сыртта орналасқан
цилиндр түріндегі жалғау.
Бұл түтіктер толығымен созылғанда 2000 мм-ден аспайтындай
орнатылуы тиіс. Жалғау іске асырылғаннан кейін майысқақ металдан
жасалған түтік ешбір қозғалатын бөлшектерге тиіп тұрмағанына және
оны ешнәрсе қысып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
! Тек ағымдағы ұлттық заңнамаларға сәйкес келетін түтіктер мен
тығындарды ғана пайдаланыңыз.
Жалғаудың мықтылығын тексеру
! Орнату аяқталғаннан кейін, сабынды сумен түтік фитингтерінде
тесіктердің бар не жоқ екенін тексеріңіз. Ешқашанда алауды қолданушы
болмаңыз.
Газ түрлеріне сәйкестендіру
Плитаны әдепкі газ түрінен (плитаның астыңғы жағында орналасқан
техникалық деректер тақтасында немесе орамада көрсетілген) басқа
түрге сәйкестендіру үшін оттық форсункаларын төменде көрсетілгендей
ауыстыру қажет:
1. Плита торларын алып, оттықтарды тіректерінен сырғытып шығарыңыз.
2. Форсункаларды тиісті мөлшерін гайка кілтімен босатып, шығарып
алыңыз да, газдың басқа түріне арналған форсункалармен
алмастырыңыз ("Оттық пен форсункалардың сипаттары" 1-кестесін
қараңыз).
3. Жоғарыдағы рәсімді керісінше орындау арқылы бөлшектерді қайта
құрастырыңыз.
4. Бұл рәсім аяқталғаннан кейін, ескі техникалық деректер жапсырмасын
енді пайдаланылатын газ түрін көрсететін жапсырмамен
алмастырыңыз. Жапсырманы біздің кез келген Қызмет көрсету
орталығымыздан алуға болады.