- ページ 23

ウォーターヒーター Ariston VELIS R 80のPDF 組立・取扱説明書をオンラインで閲覧またはダウンロードできます。Ariston VELIS R 80 48 ページ。

Ariston VELIS R 80 組立・取扱説明書
Сақтандырғыш клапан
Артық қысым құралы бітеліп қалмағанын немесе зақымдалмағанын жүйелі тексеріп тұрыңыз; солай
болса, қақты кетіріңіз немесе оны ауыстырыңыз.
Құрылғының иінтірегі немесе тұтқасы болса, оны мына мақсатта қолданыңыз:
- қажет болса, құрылғыдағы суды ағызыңыз;
- оның жұмысын арасында тексеріп тұрыңыз.
Биполярлық қауіпсіздік құрылғысын бастапқы қалпына келтіру
Су әдеттен тыс қызып кетсе, термосақтандырғыш (ұлттық ережелерге сәйкес) қыздыру
элементінің қуат фазаларының екеуінің де электр тізбегін ағытады; мұндай жағдай орын алса,
Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласыңыз.
Пайдаланушыға арналған кеңес
- Су тамған жағдайда зақымдалуы мүмкін кез келген заттарды және/немесе құрылғыларды су қызды-
рғыштың астына қоймаңыз.
- Суды ұзақ уақыт қолданбайтын болсаңыз, төмендегілерді істеңіз:
• сыртқы ажыратқышты «OFF» (Өшіру) қалпына қою арқылы құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз;
• су желісінің шүмектерін жабыңыз.
- Шүмектен аққан температурасы 50°C-тан жоғары ыстық су қатты күйіп қалуға немесе тіпті мерт бо-
луға себеп болуы мүмкін. Балалардың, кемтар адамдардың және жасы үлкен адамдардың күйіп қалу
қаупі жоғарырақ болады. Пайдаланушыға кез келген күнделікті немесе кезектен тыс техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын атқаруға қатаң тыйым салынады.
Сыртқы бөлшектерді сабынды суға малынған, дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Пайдалану және жұмыс температурасын реттеу
Су қыздырғышты сыртқы биполярлық ауыстырып-қосқыш қосып-өшіреді.
Қуат кабелін жалғау не ағыту арқылы құрылғыны қосып-өшіруге болмайды.
Су қыздырғыш жұмыс күйін лезде тексеруге мүмкіндік беретін ЖШД индикаторымен және негізгі
температураны реттеуге арналған тұтқамен жабдықталған.
Қыздыру кезеңінде ЖШД индикаторы (8-сурет, 1) қызыл болады, ал орнатылған температураға
жеткеннен кейін, ол көк түске боялады.
Мысалы пайдаланылғаннан кейін, су температурасы төмендесе, қыздыру функциясы автоматты
түрде іске қосылады.
Жұмыс температурасын реттеу
Тұтқаны (8-сурет, 2) сағат тілі бағытымен немесе сағат тіліне қарсы бағытта бұрап, ыстық су
ағынының жылдамдығын азайту немесе арттыру арқылы температураны реттеуге болады.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛАРЫ
23 / KZ