Atlanta ATH-2467 사용 설명서 - 페이지 12

{카테고리_이름} Atlanta ATH-2467에 대한 사용 설명서을 온라인으로 검색하거나 PDF를 다운로드하세요. Atlanta ATH-2467 20 페이지.

БІЗ СІЗДІ СӘТТІ ЖАСАҒАН ТАҢДАУЫҢЫЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! СІЗ
ІЛГЕРІЛЕУШІЛІК ДИЗАЙНМЕН ЖӘНЕ ЖАҚСЫ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ САПАСЫМЕН
ЕРЕКШЕЛЕНЕТІН "ATLANTA" САУДА МАРКАСЫНЫҢ ИЕГЕРІ БОЛДЫҢЫЗ.
БІЗДІҢ ӨНІМІМІЗ ҰЗАҚ ЖЫЛДАРҒА СІЗГЕ СЕРІК БОЛАДЫ ДЕП ҮМІТТЕНЕМІЗ.
ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны пайдаланар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқыңыз. Бірінші
пайдаланудың алдында немесе ұзақ пайдаланғаннан кейін шайнекке макси-
мальды белгіге дейін су толтырып, қайнату ұсынылады. Қайнаған суды төгіп
тастау қажет. Процедураны екі рет қайталау керек.
Салқын суды жаңа ғана қайнауын тоқтатқан, ыстық шайнекке құймаңыз.
Температуралардың үлкен айырмашылығы шайнекте пайдаланылған
материалдарға кері әсерін тигізуі мүмкін. Шайнектің шамалы суығанын
күтіңіз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құрылғы сипаттамалары зауыттық таңбалаудағы нұсқаулықта
көрсетілген ток көзінен жұмыс істеу үшін бейімделген.
Шайнектің үстіңгі температурасы 60°С-тан асады, сондықтан шайнектің
тұтқасы мен батырмасынан басқа бетін ұстауға болмайды.
Шайнек пен оның үстіндегі заттардың арасындағы ара қашықтық 50 см
кем болмауы керек. Жоғары температураның әсерінен оңай деформацияла-
натын заттармен жақындықты болдырмаңыз.
Құрылғы физикалық, сезімталдылық немесе ақыл есі төмен тұлғалардың
(балаларды қоса алғанда) немесе олардың құрылғыны пайдалану туралы
білімі бар, олардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғаның бақылаусыз пайдала-
нуына арналмаған.
Құрылғыны ол қосулы тұрған кезде немесе жанында балалар жүрген
кезде мұқият қадағалаңыз. Желілік сымның үстел үстінен салбырауын
болдырмаңыз, себебі балалар оны тартып қалып, шәйнекті құлатып, күйіп
қалулары мүмкін.
Сымның зақымдалуында қауіпті жағдайды болдырмас үшін оны өндіруші
немесе агент, немесе білікті тұлға алмастыруы керек.
Шайнек тек тігінен пайдаланылуы керек. Шайнекті ешқашан тегіс емес,
термо тұрақты емес бетте пайдаланбаңыз.
Шайнекпен жұмыс жасау үшін жеке розетканы пайдаланыңыз.
Құрылғыны қосу кезінде электрлік ұзартқышты пайдалануға тыйым салы-
нады.
ПАЙДАЛАНУҒА НҰСҚАУ
ҚҰРМЕТТІ САТЫП АЛУШЫ!
12