Indesit MVK5 G11 RF 사용 설명서 - 페이지 36
{카테고리_이름} Indesit MVK5 G11 RF에 대한 사용 설명서을 온라인으로 검색하거나 PDF를 다운로드하세요. Indesit MVK5 G11 RF 40 페이지.
Күтім жəне техникалық
қызмет көрсету
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
! Дақ кетіргіштер, тат кетіргіштер, ұнтақ тазартқыш
заттар немесе қырғыш беттері бар губкалар сияқты
қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш заттарды
пайдаланбаңыз. олар құрылғы беттерін біржола
сызып тастауы мүмкін.
! Құрылғыны ешқашан бу тазартқышымен немесе
шаңсорғышпен тазаламаңыз.
• Əдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш
ас үй сүлгісімен құрғату жеткілікті.
• Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер жəне резеңке тығыздағыштар жылы суға
малынып, түссіз сабын жағылған губкамен тазартылады.
Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы өнімдерді
пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны жақсылап
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды немесе
таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
• Плитаның торларын, оттық қақпақтарын, жалын
қақ жарғыш сақиналарын шешіп алып тазалауды
жеңілдетуге болады; оларды ыстық су мен қырғыш емес
тазартқыш затта жуыңыз да, жақсылап кептірер бұрын
қатып қалған қалдықтарды кетіргеніңізге көз жеткізіңіз.
• Электрондық тұтату функциясы бар плиталарда
электрондық тұтату құралының ұшын жиі тазалап,
газ шығатын тесіктердің бітеліп қалмауын тексеріп
отыру қажет.
• Пештің іші əрбір қолданғаннан кейін жылы
кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен
тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып,
жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
• Пеш есігінің əйнегін ысқышпен жəне қырғыш емес
тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ шүберекпен
мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты немесе өткір
темір қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар
əйнек бетін тырнап, оның сынуына əкелуі мүмкін.
• Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылуы
мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш машинаға жууға
болады.
• Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт
тұрған қаттылығы жоғары су немесе құрамында
фосфор бар күшті тазартқыш заттар дақ түсіруі
мүмкін. Жуып болған соң оны жақсылап шайып,
мұқият құрғатыңыз. Сондай-ақ, қалып қойған барлық
су тамшыларын сүртіп алу қажет.
Қақпақ
! Оттықтар жанып тұрған кезде немесе əлі ыстық
болғанда қақпақты жаппаңыз.
Пеш тығыздағыштарын тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп тұрыңыз.
Егер тығыздағыштар зақымдалған болса, жақын жердегі
Өкілетті сатудан кейін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін
пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Газ шүмегіне техникалық қызмет көрсету
Уақыт өте, шүмектер тығыздануы немесе оларды
бұру қиындауы мүмкін. Бұл жағдай орын алса,
шүмекті ауыстыру қажет.
! Бұл процедураны өндіруші өкілет берген білікті
маман орындауы тиіс.
Пеш шамын ауыстыру
1. Пешті токтан ажыратқаннан
кейін шам ұясын жауып тұрған
шыны қақпақты шешіп алыңыз
(суретті қараңыз).
2. Шамды алып, оны сондай
басқа шаммен ауыстырыңыз:
кернеуі 230 В, қуаты 25 Вт,
цоколі E 14.
3. Қақпақты орнына қойып, пешті токқа қайтадан қосыңыз.
Көмек
Келесі мəліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
• Құрылғының моделі (Мод.).
• Сериялық нөмірі (С/н).
Бұл ақпарат құрылғыда орнатылған деректеме
кестесінде немесе орамадан табылуы мүмкін.
Пеш шыны қақпақпен
жабдықталған болса, бұл
қақпақты жылы сумен
тазалау керек. Қырғыш
заттарды пайдаланбаңыз.
Плитаның артқы жағын
тазалауды жеңілдету
үшін қақпақты шешіп
алуға болады. Қақпақты
толығымен ашып, оны
жоғары қарай тартыңыз
(суретті қараңыз).
36
KZ