Ariston 3700708 조립 및 작동 지침 매뉴얼 - 페이지 24
{카테고리_이름} Ariston 3700708에 대한 조립 및 작동 지침 매뉴얼을 온라인으로 검색하거나 PDF를 다운로드하세요. Ariston 3700708 48 페이지.
ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ
Құрылғыны тазаламас бұрын, сыртқы ажыратқышты OFF (Өшіру) позициясына орнатып, құрылғы
өшірілгеніне көз жеткізіңіз. Инсектицидтерді, еріткіштерді немесе агрессивті жуғыш заттарды
қолдануға болмайды: олар құрылғының боялған және пластик бөліктерін зақымдауы мүмкін.
Су суық болса:
- Құрылғы қуат көзіне жалғанғанын және сыртқы биполярлық ауыстырып-қосқыш қосылғанын
тексеріңіз;
- Температураны реттеу тұтқасы минималды мәнге орнатылмағанын тексеріңіз;
- Қыздыру элементтерін тексеріңіз;
- Айналып өту құбырын тексеріңіз (5-сурет, X);
Су қайнап тұрғандай ыстық болса (шүмектерден бу шығады):
Құрылғыны қуат көзінен ағытып, Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласыңыз.
Ағатын ыстық су мөлшері жеткіліксіз
Құрылғыны ток көзінен ағытып, төмендегілерді тексеріңіз:
- су желісіндегі қысым;
- суық су кіріс құбырындағы қалқаның жағдайы;
- ыстық су құбырының жағдайы;
- электр құрамдас бөліктер.
Қысымнан сақтандыратын құрылғыдан судың тамуы
Тұтасу кезеңінде шүмектен біраз су тамшылауы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай. Су тамбауы үшін ағын
жүйесіне тиісті кеңейту ыдысын орнату керек. Тұтасу кезеңінен кейін де су тама берсе, төмендегілерді
тексеріңіз:
- құрылғының калибрленуі;
- су желісіндегі қысым.
Абай болыңыз: Құрылғы шығысын ешқашан бітемеңіз!
МӘСЕЛЕ ШЕШІЛМЕЙ ҚОЙСА, ҚҰРЫЛҒЫНЫ ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗБЕН ЖӨНДЕУГЕ ӘРЕКЕТ
ЖАСАУШЫ БОЛМАҢЫЗ – ОНДАЙ ЖҰМЫСТЫ БІЛІКТІ МАМАНҒА ЖАСАТУ КЕРЕК.
Өндіруші фирма осы брошюрада келтірілген мәліметтерге және техникалық сипаттамаларға
жауапты болмайды әрі ескертусіз қажетті өзгерістерді енгізу немесе ақпараттық материалдарды
.
ауыстыру құқығын өзінде қалдырады
24 / KZ