Dremel 2000 Versatip Original Instructions Manual - Page 12

Browse online or download pdf Original Instructions Manual for Flashlight Dremel 2000 Versatip. Dremel 2000 Versatip 17 pages.

Dremel 2000 Versatip Original Instructions Manual
АКСЕССУАРЛАРДЫ ТІРКЕУ, АЛУ НЕМЕСЕ
!
ТАЗАЛАУДАН БҰРЫН, ҮНЕМІ ҚҰРАЛДЫ
ӨШІРІП, ТОЛЫҚ САЛҚЫНДАТЫҢЫЗ.
Құралдың сыртын таза шүберекпен тазалаңыз .
Қажет болса, аз мөлшердегі бейтарап жуғышқа
малынған шүберекті пайдаланыңыз .
Дәнекерлегіш ұштығын тазалау үшін, дәнекерлегіш
ысқышын суға малыңыз .
Дәнекерлегеннен кейін немесе ұштығында
дәнекерлегіш зат мөлшері артық болған жағдайда,
оны әлі ыстық кезінде ысқышпен сүртіңіз .
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КЕПІЛДІК
Құралға қызмет көрсету жұмыстарының барлығы
Dremel қызмет көрсету орталығы арқылы
орындалуына кеңес береміз .
Осы Dremel өніміне белгіленген/нақты мемлекет
ережелеріне сәйкес кепілдік беріледі; тозу
салдарынан орын алған зақым, шамадан тыс
жүктеме немесе дұрыс емес өңдеу кепілдікке
кірмейді .
Шағым түскен жағдайда, бөлшектелмеген құрал
және/немесе зарядтауыш құралын және сатып
алуға қатысты дәлелдерді дилерге жіберіңіз .
DREMEL КОМПАНИЯСЫМЕН БАЙЛАНЫСУ
Қызмет көрсету және кепілдік, Dremel өнімдері,
қолдау көрсету және шұғыл байланыс желісі
туралы қосымша ақпарат алу үшін www .dremel .com
сайтына өтіңіз .
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Құрал, аксессуарлар және қаптаманы қоршаған
ортаға зиян келтірмей қайта өңдеу үшін оларды
сұрыптау керек .
Өнімді пайдалану нұсқаулығына қосымша (тек
Еуразия экономикалық қауымдастығы шеңберінде
Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағында ғана
қолданылады)
„Қауіпсіздік нұсқаулары" бөлімінің
өнімді пайдалану нұсқаулығында
берілген қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулармен мұқият танысыңыз
Төмендегі қосымша ақпаратты мұқият
оқыңыз
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл . Өндірілген
мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында
жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң,
өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану
ұсынылмайды .
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері
мен істен шығу себептерінің тізімі
тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді
пайдаланбаңыз
өнім корпусынан тікелей түтін шықса,
пайдаланбаңыз
тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса,
пайдаланбаңыз
жауын-шашын кезінде сыртта (далада)
пайдаланбаңыз
корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы
болмаңыз
қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз
қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы
өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады .
Сақтау
құрғақ жерде сақтау керек
жоғары температура көзінен және күн
сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек
сақтау кезінде температураның кенет
ауытқуынан қорғау керек
орамасыз сақтау мүмкін емес
сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу
үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез
келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым
салынады
босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын
машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді
тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ
15150 (Шарт 5) құжатын оқыңыз
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей
тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды
басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр
құралының жұмысында кідіріс пайда болған
жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп
(болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл.
(Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны
розеткадан шығарыңыз немесе алып - салмалы
аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы
бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын
аласыз .
12