Indesit 7OFIM 20 K.A IX Gebruiksaanwijzing - Pagina 27

Blader online of download pdf Gebruiksaanwijzing voor {categorie_naam} Indesit 7OFIM 20 K.A IX. Indesit 7OFIM 20 K.A IX 32 pagina's.

Indesit 7OFIM 20 K.A IX Gebruiksaanwijzing
Қосу және пайдалану
көрсетілгендей, толығымен шығарып алу үшін
тартпаларды алдыңғы шетінен ұстап көтеріп,
тартсаңыз (2) болғаны.
Пешті қосу
1. РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз.
2. ТЕРМОСТАТ тұтқасы көмегімен қажетті температураны
таңдаңыз. Тағам дайындау режимдері және ұсынылған
тағам дайындау температуралары туралы мәліметті
«Тағам дайындау бойынша кеңестер» кестесінен
қараңыз («Тағам дайындау режимдері» бөлімін
қараңыз).
3. ТЕРМОСТАТ индикатор шамы пештің орнатылған
температураға дейін ысып келе жатқанын көрсетеді.
4. Тағам дайындау барысында төмендегі нәрселерді
орындауға болады:
- РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін өзгерту.
- THERMOSTAT (ТЕРМОСТАТ) тұтқасын бұрау арқылы
температураны өзгерту.
- РЕТТЕУ тұтқасын «0» позициясына бұрап, тағам
дайындау үрдісін тоқтату.
! Эмальді қабат зақымдануының алдын алу үшін
ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)ға
қойыңыз.
*
Тек белгілі бір модельдерде бар.
ЕСКЕРТУ! Пеш
тартпаларды алып
шығуға арналған
және пештен шығып
кетуіне жол бермейтін
шектегіш жүйемен
жабдықталған.
Сызбада
Салқындату желдеткіші
Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін
кейбір модельдер басқару тақтасы мен пеш есігінің
арасына жел айдайтын салқындату желдеткішімен
жабдықталады.
! Пісіріп болғаннан кейін де пеш толық салқындағанға
дейін желдеткіш қосулы тұрады.
Пештің шамдары
РЕТТЕУ тұтқасымен
функциясы таңдалған уақытта
ол жұмысын жалғастырады. Тағам дайындау режимі
таңдалғанда ол қосылып тұрады.
Кері санақ таймерін пайдалану*
1. Дыбыс сигналын орнату үшін, ТАЙМЕР тұтқасын сағат
тілі бойынша бір толық айналымға бұраңыз.
2. Қажетті уақытты орнату үшін, тұтқаны сағат тіліне
қарсы бұраңыз: ТАЙМЕР тұтқасындағы кетікті басқару
тақтасында белгіленген уақытпен теңестіріңіз.
3. Таймер минуттық режимде жұмыс істейді: таңдалған
уақыт біткенде дыбыс сигналы естіледі.
! Таймер пешті қоспайды не өшірмейді.
KZ
27