Epson L3110 Series Beknopte handleiding - Pagina 14
Blader online of download pdf Beknopte handleiding voor {categorie_naam} Epson L3110 Series. Epson L3110 Series 48 pagina's.
Ook voor Epson L3110 Series: Beknopte handleiding (48 pagina's), Start Here (4 pagina's), Beknopte handleiding (40 pagina's), Beknopte handleiding (48 pagina's), Beknopte handleiding (36 pagina's), Start Here (2 pagina's)
L3100 сериясы / L3110 сериясы
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
O Принтермен бірге келетін қуат сымын ғана пайдаланыңыз. Басқа сымды пайдалану өртке немесе
ток соғуға әкелуі мүмкін. Сымды ешбір басқа жабдықпен бірге пайдаланбаңыз.
O Айнымалы ток адаптерінің қуат сымы қатысты қауіпсіздік стандартына сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
O Құжаттамаңызда айрықша белгіленбеген болса, принтерге өз бетіңізбен қызмет көрсетуге
әрекеттенбеңіз.
O Қуат сымының зақымдалуына немесе тозуына жол бермеңіз.
O Принтерді қуат сымы оңай қосылатын электр розеткасының жанына орналастырыңыз.
O Өнімді сыртқа, қатты кір немесе шаң жерге, судың, ыстық көздері бар жерге немесе соққы, діріл,
жоғары температура немесе ылғал жерлерге орналастырмаңыз.
O Өнімге сұйық зат төгіп алмаңыз немесе өнімді дымқыл қолдарыңызбен қолданбаңыз.
O Сия бөтелкелерін және сия құтысын балалар жетпейтін жерде сақтаңыз және сияны ішіп
қоймаңыз.
O Сия бөтелкесін тым қатты шайқамаңыз немесе оған қатты соққы түсірмеңіз, себебі ол сияның
ағуына әкелуі мүмкін.
O Сия бөтелкелерін тек қана тігінен ұстаңыз және оларға соққы немесе температура өзгерістерінің
тиюіне жол бермеңіз.
O Егер сия теріңізге тисе, тиген жерді сабындап жуыңыз. Егер сия көзіңізге тисе, дереу сумен
жуып тастаңыз. Жақсылап жуғаннан кейін де ыңғайсыздық немесе көру қиындықтары туындаса,
дереу дәрігерге қаралыңыз. Егер аузыңызға сия кірсе, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Басқару панелінің анықтамасы
Түймелер
Принтерді қосады немесе өшіреді.
A4 өлшемді қарапайым қағазда монохромды немесе түрлі түсті көшіруді бастайды.
Көшірмелер санын (20 көшірмеге дейін) көбейту үшін осы түймені 1 секундтық
аралықтар ішінде басыңыз.
Ағымдағы әрекетті тоқтатады. Басып шығару механизмін тазалауды іске қосу үшін
түймесі жыпылықтағанша осы түймені 5 секунд бойы басып тұрыңыз.
14