Indesit MVK6 V27 RF Manual de Instruções - Página 36
Procurar online ou descarregar pdf Manual de Instruções para Forno Indesit MVK6 V27 RF. Indesit MVK6 V27 RF 36 páginas. Cooker and oven
Күтім көрсету және
техникалық қызмет көрсету
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
!
Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе
шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Пешті тазалау
• Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы
бөліктер және резеңке тығыздағыштар жылы
суға малынып, түссіз сабын жағылған губкамен
тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы
өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны
шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды немесе
таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
• Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы кезінде
мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен тазартқышты
пайдаланыңыз, одан кейін шайып, жұмсақ шүберекпен
құрғатып сүртіңіз. Қырғыш заттарды пайдаланбаңыз.
• Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш емес
тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ шүберекпен
мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты немесе өткір
темір қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар
әйнек бетін тырнап, оның сынуына әкелуі мүмкін.
• Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылуы
мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш машинаға жууға
болады.
• Кір мен майды басқару тақтасынан қырғыш емес
губкамен немесе жұмсақ шүберекпен сүртіп алу қажет.
Пеш тығыздағыштарын тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп тұрыңыз.
Егер тығыздағыштар зақымдалған болса, жақын
жердегі Сатудан кейін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін
пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Пеш шамын ауыстыру
1. Пешті токтан ажыратқаннан кейін шам ұясын жауып тұрған
шыны қақпақты шешіп алыңыз (суретті қараңыз).
2. Шамды алып, оны сондай басқа шаммен ауыстырыңыз:
кернеуі 230 В, қуаты 25 Вт, цоколі E 14.
3. Қақпақты орнына қойып, пешті токқа қайтадан қосыңыз.
Шыны керамикалық плитаны тазалау
!
Қырғыш немесе таттандыратын
тазартқыш заттарды (мысалы,
барбекю жасайтын құралдар мен
пештерді тазалауға арналған
спрейлер), дақ кетіргіштерді, тат
кетіргіштерді, ұнтақ тазартқыш
заттарды немесе қырғыш беттері
бар губкаларды пайдаланбаңыз: олар құрылғы беттерін
біржола сызып тастауы мүмкін.
• Әдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш
ас үй сүлгісімен құрғату жеткілікті.
• Плита өте кір болса, оны арнайы шыны
керамиканы тазалау затымен ысқылап, одан кейін
жақсылап шайыңыз да, кептіріңіз.
• Кетпей қойған кірді кетіру үшін тиісті қырғышты
қолданыңыз (ол құрылғымен бірге берілмейді).
Төгілген тамақ қатып қалмауы үшін, құрылғының
суғанын күтпей-ақ, оны дереу сүртіп алыңыз.
Шыны керамикалық беттерге арналған тот
баспайтын болат сымнан жасалған губканы
сабынды суға малып қолдансаңыз, тамаша
нәтижеге қол жеткізуге болады.
• Пластмассалық немесе қантқа ұқсас заттар
абайсыз плитада ерісе, плита беті әлі ыстық кезде
оларды дереу қырғышпен алып тастау керек.
• Тазалағаннан кейін, плитаны арнайы қорғағыш
күтім өнімімен өңдеуге болады: бұл өнім
қалдыратын көзге көрінбейтін үлдір плитаның
бетін пісіру кезінде таматын тамшылардан
қорғайды. Бұл қызмет көрсету жұмыстарын
құрылғы жылы (ыстық емес) немесе салқын кезде
орындау керек.
• Құрылғыны таза сумен шайып, жақсылап кептіруді
ұмытпаңыз: қалдықтар кейін пісірген кезде
жабысып, қатып қалуы мүмкін.
Шыны
керамикалық плита
тазартқыштары
Терезе қырғышы
Ұстара жүзінің
қырғыштары
Қосалқы жүздер
COLLO luneta
HOB BRITE
Плитаны тазалау
SWISSCLEANER
Тот баспайтын болатты тазалау
Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт тұрған
қаттылығы жоғары су немесе құрамында фосфор
бар күшті тазартқыш заттар дақ түсіруі мүмкін. Болат
беттерді жақсылап шайып, мұқият кептірген абзал.
Көмек
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
• Құрылғының моделі (Мод.).
• Сериялық нөмірі (С/н).
Бұл ақпарат құрылғыда орнатылған деректеме
кестесінде немесе орамадан табылуы мүмкін.
01/2013- 195103736.01
XEROX FABRIANO
Сатылатын жерлер
Керек-жарақ дүкендері
Керек-жарақ дүкендері,
супермаркеттер,
аптека
Boots, кооперативтік дүкен,
универмаг, аймақтық
электр компаниясының
дүкендері, супермаркеттер
36
KZ