Indesit MVI5G1/RU Manual de Instruções - Página 29
Procurar online ou descarregar pdf Manual de Instruções para Fogões Indesit MVI5G1/RU. Indesit MVI5G1/RU 40 páginas.
KZ
Түзулеу
Токқа жалғау
Құрылғының негізгі деректер кестесінде көрсетілген
жүктемеге сəйкес стандартты штепсельдік ұшты
орнатыңыз (Техникалық деректер кестесін қараңыз).
Құрылғы тікелей электр желісіне құрылғы мен электр желісі
арасында орнатылған 3 мм ашық кішкене байланыс бар
бірнеше каналды айырып-қосқыш арқылы қосылуы қажет.
Айырып-қосқыш көрсетілген жүктемеге лайықты жəне NFC
15-100 стандартына сəйкес болуы қажет (жерге қосылған
сымды айырып-қосқыш ажыратпауы тиіс). Электр кабелін
кез келген нүктесі 50°C-тан жоғары температурамен
байланыспайтындай етіп орналастыру қажет.
Құрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегілерді
тексеріңіз:
• Құрылғы жерге қосылған жəне штепсельдік ұш заңға
сəйкес болып табылады.
• Розетка негізгі деректер кестесінде көрсетілген
құрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді.
• Кернеу деректер кестесінде көрсетілген мəн
аралығы аумағында болады.
• Розетка құрылғының штепсельдік ұшына сəйкес келеді.
Розетка штепсельдік ұшқа сəйкес болмаса, өкілетті
маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз. Бірнеше
розеткалар мен ұзартқыш сымдарын пайдаланбаңыз.
! Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.
! Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның
көмегімен ғана алмастырылуы тиіс.
* Тек белгілі модельдерде болады
29
Плита артына
•
немесе оның шеттеріне
200 мм-ден жақын
жерге перде ілмеңіз.
Қалқалар
•
қатысты пайдалану
нұсқаулығындағы
нұсқауларға сəйкес
орнатылуы тиіс.
Құрылғыны түзулеу қажет
болса, плита түбінің əрбір
бұрышындағы орындарына
реттелетін аяқтарын бұраңыз
(суретті қараңыз).
Аяқтар плита түбінің астынғы
жағындағы тесіктерге
кигізіледі.
! Осы қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда
өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
Газды жалғау
Ағымдағы ұлттық заңдарға сəйкес жəне берілетін
газ түрімен құрылғы жұмыс істей алатынына көз
жеткізгеннен кейін газ желісіне немесе газ баллонына
майысқақ резеңке не болат түтікпен қосылуға болады
(қақпақтағы сипаттама жапсырмасын қараңыз: олай
болмаса, төмендегі мəтінді қараңыз). Баллоннан
сұйық газды пайдаланғанда, ағымдағы ұлттық
заңнамаларға сəйкес келетін қысым реттегішін
орнатыңыз. Қосылымды жеңілдету үшін газ түтігін
шетке қарай бұру керек*: түтік тұтқышын қақпаққа
қарама-қарсы қойыңыз жəне құрылғымен бірге
берілетін аралық қабатты орнына қойыңыз.
! Газ беру қысымы Оттық пен форсункалар
сипаттарының кестесінде көрсетілген мəндерге
сəйкес келетінін тексеріңіз (төмендегі мəтінді
қараңыз). Бұл құрылғының қауіпсіз жұмыс істеуін
жəне төзімділігін қамтамасыз ете отырып, қуаттың
тиімді жұмсалуына мүмкіндік береді.
Майысқақ резеңке түтікпен газды жалғау
Түтік ағымдағы ұлттық заңдарға сəйкес келетініне
көз жеткізіңіз. Түтіктің ішкі диаметрі мынадай болуы
тиіс: сұйық газ беру үшін 8 мм; метан газын беру
үшін 13 мм.
Қосылым жасалғаннан кейін түтікке байланысты
келесі жағдайлардың орындалуына көз жеткізіңіз:
• Температурасы 50°C-тан асатын ешбір бөлшекке
тимейді.
• Оған ешбір тарту немесе бұрау күштері
əсер етпейді жəне ол бұралмаған не
майыстырылмаған.
• Жүздерге, үшкір бұрыштарға немесе қозғалмалы
бөлшектерге тимейді жəне қысылмаған.
• Жағдайын тексеру үшін бүкіл ұзындығы бойынша
оңай қарап шығуға болады.
• 1500 мм-ден қысқа.
• Ағымдағы заңдарға сəйкес келетін қысқыштармен
екі жағынан да мықтап бекітілген.
! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
розетка жақын жерде болуы қажет.
Жалғау жері
Оқшаулағыш
Жалғау жері
шүмек
Түтік жинағы
Түтік жинағы
ЫСТЫҚ БЕТ
Оқшаулағыш
шүмек