Ariston 3700711 Руководство по сборке и эксплуатации - Страница 22

Просмотреть онлайн или скачать pdf Руководство по сборке и эксплуатации для Водонагреватель Ariston 3700711. Ariston 3700711 48 страниц.

Ariston 3700711 Руководство по сборке и эксплуатации
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ (БІЛІКТІ МАМАНДАР ҮШІН)
Барлық техникалық қызмет көрсету жұмыстарын және келіп істейтін қызмет көрсету
жұмыстарын білікті адамдар атқаруы тиіс (қолданыстағы тиісті нормалар бойынша тиісті
дағдыға ие адамдар).
Техникалық қызмет көрсету орталығына қоңырау шалудан бұрын, ақау су немесе қуат берілмей қалуы
салдарынан туындамағанын тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: кез келген техникалық қызмет көрсету жұмыстарын атқарудан бұрын, құрылғыны
токтан ажырату керек.
Құрылғыны босату
Құрылғы ұзақ уақыт қолданылмайтын болса және/немесе су қататын жерде қалдырылса, оны
босату керек.
Құрылғыны босату үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
- құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз;
- жапқыш клапан орнатылған болса соны (2-сурет, D) немесе ол орнатылмаған болса, үйдің
негізгі су клапанын жабыңыз;
- ыстық су шүмегін ашыңыз (шұңғылша немесе ванна);
- ағызу клапанын ашыңыз (2-сурет, B).
Бөлшектерді ауыстыру (қажет болған кезде)
Қақпақты ашып, электр бөлшектерге қол жеткізуге болады (7-сурет).
Термостаттарда жұмыс істеу үшін оларды алдымен кабельдерден ағытып (7-сурет, K және L),
корпустарынан шығарып алу қажет.
Анодтарға қол жеткізу үшін алдымен құрылғыдағы суды ағызыңыз.
Болттарды (5-сурет, C) бұрап шығарып, фланецтерді (5-сурет, F) шешіп алыңыз. Фланецтер
қыздыру элементтеріне де, анодтарға да жалғанған. Фланец қайта құрастырылған сайын, оның
тығыздағышын (6-сурет, Z) ауыстырып орнатыңыз.
Осы бөлшектерді қайта құрастырған кезде, барлық құрамдас бөліктерді бастапқы орындарына
орнатқаныңызға көз жеткізіңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қыздыру элементтерінің орнын ауыстыру салдарынан құрылғы істен шығуы
мүмкін. Бір уақытта бір элементпен жұмыс істеңіз де, екіншісін бірінші элементті қайта орнатқан
кейін ғана шешіп алыңыз.
Өндіруші өкілеттік берген өкілетті қызмет орталықтарынан алған түпнұсқалы бөлшектерді ғана
қолданыңыз.
Жүйелі техникалық қызмет көрсету
Қыздыру элементінің (6-сурет, R) дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін (6-сурет, R) шамамен екі
жыл сайын оны қақтан тазартып тұру керек (су өте қатты болса, жиілікті арттыру керек).
Қақтан тазарту үшін арнайы сұйықтықтарды қолданғыңыз келмесе, қыздыру элементін зақым келтіріп
алмай, қақты жайлап қырып алыңыз.
Магнийден жасалған анодтарды (N 6-сурет) екі жыл сайын ауыстыру керек әйтпесе кепілдік күшін
жояды (қайнатқышы тот баспайтын болаттан жасалған құрылғыларда олай істелмейді); дегенмен су
коррозивті немесе оның құрамында хлор көп болса, анодты жыл сайын тексеріп тұру керек. Оларды
ауыстыру үшін қыздыру элементтерін шешіп алып, қапсырмалардан бұрап босатыңыз.
Айналып өту құбырын (X 5-сурет) бітеліп қалған жағдайда тексеру керек. Оны тексеру үшін екі сақинаны
шешіп алыңыз (W 5-сурет).
Күнделікті немесе кезектен тыс техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін, кез келген
қалдық заттарды кетіру үшін құрылғы багін суға толтырып, толығымен ағызыңыз. Өндірушінің
өкілетті қызмет орталықтарынан алынған түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
22 / KZ