Atlanta ATH-2432 Kullanım Kılavuzu - Sayfa 15

Kettle Atlanta ATH-2432 için çevrimiçi göz atın veya pdf Kullanım Kılavuzu indirin. Atlanta ATH-2432 20 sayfaları.

4. Шайнектің қақпағын тығыз жабыңыз. Олай болмаған жағдайда шайнек
қайнау кезінде сөнбейді.
5. Шайнекті желіге қосылған түпқоймаға орналастырыңыз. Шайнектің
құрылымы оны түпқоймаға қай жағынан да орналастыруға мүмкіндік береді.
6. Қосу батырмасын басыңыз (С). Сол кезде жұмыс істеу индикаторы жана-
ды (G).
7. Су қайнағанға дейін күтіңіз. Шайнек автоматты түрде сөнеді. Уақыттың
кез келген мезетінде қайнау процесін тоқтатуға болады. Қайтадан қайнату
үшін шайнектің шамалы суығанын және термо тетіктің бастапқы күйіне
келуін күту қажет.
8. Қайнау процесі кезінде және қайнап болғаннан кейінде күйіп қалмас үшін
шайнек қақпағын ашпаңыз.
ЕСКЕРТУ
1. Шайнекке ешқашан судан өзге сұйықтық құймаңыз.
2. Үнемшіл болыңыз: суды қажет мөлшерде ғана қайнатыңыз. Бұл
электроэнергияның шығынын азайтады және шайнектің ұзақ қызмет етуін
арттырады.
3. Жұмыс барысында шайнекте конденсат түзілуі мүмкін.
4. Ешқашан шайнекті газ плитасында немесе электрлік плитада
қыздырмаңыз.
5. Шайнек тек жиында бірге ұсынылған түпқоймамен бірге пайдаланылуы
керек.
6. Өндіруші шайнек құрылысына қосымша өзгертулер енгізуге құқылы.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
Шайнек ізбестік қалдықтарды тазартып тұру үшін тұрақты түрде таза-
лауды қажет етеді. Ізбестік қалдықтардың көп мөлшері құрылғының істен
шығуына әкелуі мүмкін.
Шайнекті ток көзінен ажыратып, оның сууын күтіңіз, содан соң ғана оны
содамен және ылғал шүберекпен сүртіңіз. Шайнекті тазалау үшін химиялық
белсенді заттарды пайдаланбаңыз, себебі олар оның бетін зақымдауы
мүмкін.
Шайнекті саймандардың көмегімен тазаламаңыз.
Тазалап болғаннан кейін шайнекті жақсылап шайыңыз.
Өнімді ешқашан суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз.
ПАЙДАЛАНУҒА НҰСҚАУ
15